Әуежайда жолаушылар ұшағы аударылып түсті

АҚШ-тан шыққан Delta Air Lines әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Канададағы Торонто әуежайына қонған кезде аударылып түсті, — деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап. 

Bombardier ұшағы Миннеаполистен ұшып келген. Қону кезінде әуе кемесі тұрақсызданған, нәтижесінде толықтай аударылып түскен.

Оқиға орнынан түсірілген суреттер мен бейнежазбаларда ұшақтың фюзеляжы төңкеріліп жатқанын көруге болады. Өртсөндірушілер әуе кемесін көбікпен жауып жатыр, бірақ өрт байқалмаған.

«Бортта барлығы 80 жолаушы болған. Қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ. Дегенмен үш адам ауыр жарақат алды. Олардың ішінде бір бала мен екі ересек адам бар», – деп мәлімдеді жергілікті басылымдар парамедиктерге сілтеме жасап.

Зардап шеккендер дереу жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Аризонада екі әуе кемесі соқтығысып, бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған еді.

Фото: Видео кадры

Әуежайда жолаушылар ұшағы аударылып түсті

Comments (0)
Add Comment