Ауданға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауында Президент ең әуелі Тәуелсіздігіміз біздің ең басты қастерлі құндылығымыз дей келе «Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда» деп ерекше атап көрсетеді.
Осы орайда өңір депутаттары халықтың игілігі жолында жұ­мыс істеп келеді. Қоғамдық қа­былдауларда халықтың мұң-мұқ­тажын тыңдап, шешімін таппаған мәселелерге қал-қадірінше көмек­тесіп те жатқан жайы бар. Осындай игілікті істердің басында жүрген азаматтардың бірі – Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев. Ол қоғамның өзекті мәселелерін шешуде алдыңғы қатардан көрініп жүрген белсенді азамат. Мәслихат төрағасы болып сайланғаннан кейін өңірдің тыныс-тіршілігімен етене танысып, хабардар болумен қатар, өлкенің түйінді мәселелерін халықпен бірлесе отырып талқылап жүрген ол оны жоғары жаққа жеткізу – әрбір халық қалаулысының мақсаты мен міндеті деп біледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағи­датын басшылыққа ала отырып, қызметін атқарып келе жатқан А. Нұралиев Сарысу ауданында жұмыс сапарымен болып, аймақта туындаған көптеген мәселені тыңдап, халық үніне құлақ асуы – елге жанашырлығын көрсетсе керек. Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы С. Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков,  аудан әкімінің орынбасары Қ. Аманов, облыстық мәслихат депутаты А. Жолмаханова бірге бірнеше нысанда болды.

Іссапар барысында облыстық мәслихат төрағасы  А. Нұралиевті аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Үмбетұлы қарсы алып, ауданда атқарылып жатқан жұмыспен таныс-тырды.

Аралау барысында  аудандарда орналасқан  канал мен тоғандардың жай-күйін зерделеумен бастап, аудандағы егін шаруашылығын қолға алып,  диқандардың егістігіне су молынан жетіп, мал азығын мол жинау үшін жағдайды оңтайлы шешу жолдары айтылды. Одан кейін Тоғызкент ауылдық округінде жалғасын тауып, спорт мектебін аралап, ауылдағы балалар саны мен спорттық секциялардың көптігін ескере келе, спорт мектебіне күрделі жөндеу немесе үлкен спорт кешенін салу қажеттілігі айтылды.

Атап айтар болсақ спорт мектебінде жақын орналасқан аймақпен қоса алғанда балалар каратэ-до, күрес, қол күрес, дойбы бөлмесі, шахмат бөлмесі және саз мектебі бар. Қатысушы балалардың әлеуеті жоғары.

Сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы Саудакент ауылындағы үш қабатты   аурухананы аралап, 300 адамға арналған ауруханада 60-қа жуық қана емделушілердің келуіне байланысты, тұрғындарға қажетті сауықтыру орталықтарын ашу керектігін айтты. Аурухананың бас дәрігері  Бағлан Жарылқасынұлы  бұл мәселе бойынша алдағы жос-парларымен бөлісті.  Облыстық мәслихат төрағасы бұл мәселе бойынша халықтың пікірін тыңдап қажеттілікке байланысты жұмыстар атқарылуы қажет екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар  Саудакент ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысты.

Comments (0)
Add Comment