АУДАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ауданымызға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жұмыс сапарымен келді. Қ.Қайшыбекұлы ең алдымен Тасөткел су қоймасындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, жауапты мердігер компания өкілдерімен тілдесті.
Су қоймасындағы сейсмикалық нығайту жұмыстарының аяқ алысын байқаған облыс әкімінің орынбасары жауапты мердігерге жұмыстың сапасы мен мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Қазіргі кезде су қоймасының ішкі бетіндегі бетондау жұмыстары аяқталып, сыртқы жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, Қ.Қайшыбекұлы ауданымыздағы өзге де нысандарды аралап, атқарылған жұмыстарды көзбен көрді.

 

 

Бақытжан Жәнібеков

Comments (0)
Add Comment