Саудакент ауылында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі Сарысу ауданы бойынша ветеринария саласына қоғамдық мониторинг жүргізу және азаматтардың өтініштерін қарау мақсатында, жеке қабылдау өтті.
Жиынға Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің Төралқа мүшесі Арқабек Төлебаев, облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рәфіл Ағыбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Көкей, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков және ауданның ветеринария саласының мамандары қатысты.