Құрметті аудан тұрғындары және өнер сүйер қауым!
Ертең аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен өтетін «Қараоқы» (караоке) кешіне шақырамыз!
Ән додасына кез келген аудан тұрғындары мен жастар қатысып, ән салып, бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие бола алады!
Шарттары өте оңай, бар болғаны әуезді ән шырқау.
Келіңіз, көріңіз, өз талантыңызды паш етіңіз!
Өтетін орны: Жамбыл ауданы, Аса ауылының демалыс саябағы (орталық алаң).