АУДАН БАСШЫСЫ МОЙЫНҚҰМНЫҢ БАТЫСЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев 2022 жылғы 3 наурыздағы Мемлекет басшысының 826 Жарлығына (Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы) сәйкес, Ұланбел, Қарабөгет және Қылышбай ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.
Жиын барысында тұрғындарды мазалайтын төмендегі мәселелер қозғалды: интернет желісін жақсарту, көмір бағасын төмендету, Тараз бен Мойынқұм аралығында қатынайтын автобуспен қамтамасыз ету, шабындық жерлер қарастыру, мал жайылуға арналған аумақтар, ауыз су фильтрлерін жаңарту, Радай өзеніне су жіберу, мал дәрігерімен қамтамасыз ету сынды өтініштер айтылды. Аудан басшысы осы аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, белгіленген уақытта нақты жауап болуын талап етті. Сонымен қатар, әкім тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Сондай-ақ, іссапар барысында Ермек Амангелдіұлы аталған ауылдық округтердегі білім беру орталықтарының, кітапхана, мәдениет үйі, медициналық бөлімшенің және орман шаруашылығы мекемесінің қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді. Қарабөгет ауылындағы апатты жағдайда тұрған көпірдің мән-жайын біліп, су жаңа мектептің құрылысымен танысты.
Айдос ҚОСЫБАЙ,
аудандық медиа орталығының директоры.
Comments (0)
Add Comment