Қазіргі таңда, аудан аумағында құрылыс және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылуда.
Нәтижесінде бүгін Мырзатай ауылдық округінің Дихан-2 ауылында 98,7 гектар тұрғын үй алабының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту (сумен жабдықтау) және (электрмен жабдықтау) жұмыстары аяқталды. Байзақ ауданы әкімдігінің архитектура, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы негізінде жүзеге асқан қос жоба Ұлттық қор мен облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған болатын. Ендігі кезекте 98,7 гектар тұрғын үй кезегінде тұрған 500 адамға ретімен беріледі. Аталмыш инфрақұрылымды (сумен жабдықтау) мердігер «Aina Citi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры Н.Абдрасилов) жүргізсе, электрмен жабдықтау жұмыстарын «Интелект Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры Б.Жорабеков) атқарды.
Сонымен қатар, Бәйтерек ауылдық округінің Базарбай елді мекенінде 47 гектар тұрғын үй алабының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту (газбен жабдықтау) және (электрмен жабдықтау) жұмыстары аяқталып, ел игілігіне ұсынылды. Б.Тұрсыналыұлы басқаратын «Д&К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инфрақұрылымды мерзімінде аяқтады.
Алдағы уақытта ауылдық округ бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 220 адам жер телімін алатын болады.