АУДАН АТЫН АСҚАҚТАТҚАН СПОРТШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Кеше аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly халықаралық, республикалық турнирлерде жетістікке жеткен өңір спортшыларын қабылдап, оларға құрмет көрсетті.
– Қазіргі таңда денешынықтыру мен спорт саласы еліміздің айрықша назарында және мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілуде. Тәуелсіздік алғаннан бері көк байрағымыз көптеген әлемдік, халықаралық жарыстарда желбіреп, қазақ аты төрткүл әлемге танылды. Бұл – спортшылар мен бапкерлердің, спорт саласында еңбек етіп жүрген мамандардың маңдай терінің жемісі екені даусыз. Күні кеше Түркияның Изник қаласында өткен «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында» Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстан командасын 4:3 есебімен басым түсіп, барша жанкүйерлерін қуантты. Сіздер біздің ауданның ғана емес, бүкіл республикамыздың мақтанышысыздар, – деген Ерлан Қыдыралыұлы көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионатының 9, «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының 2, Ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивальінің 3 дүркін иегері, «ЕуроАзия» кубогының мен «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының» жеңімпазы Нұрдаулет Момынов, көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бірнеше дүркін және ағымдағы жылы өткен «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының» жеңімпаздары Елдос Асыл, Құрманбек Тұрғанбек, Ернат Мәлімбай, Ұлан Байтуреев, Бақытжан Әзімбай және Вьетнам Республикасы, Хошемин қаласында таэквондодан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында ІІ орын иеленген Айым Серікбаева Алғыс хатын табыстап, ізгі-тілегін білдірді.
Өз кезегінде сөз алған Нұрдаулет Нәбиұлы елеп-ескерген аудан басшысына шабандозшылар атынан ризашылғын білдірді.
Қабылдауға АМАНАТ партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мадияр Сәмбетов, аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов, тиісті ауылдық округтің әкімдері қатысты.
Жамбыл ауданы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment