АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков халықпен кездесулері жалғасуда.
Бұл жолы аудан басшысы Қайыр және Ақтөбе елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің салаға жауапты орынбасарлары, құқық қорғау органдарының және бөлімдердің басшылық өкілдері қатысты.
Кездесуде тұрғындар инфрақұрылымды жақсарту, ағын су, жол жөндеу, бейнебақылау қондырғыларын орнату, көшелерді жарықтандыруға және өзгеде ауылға қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.
Аудан басшысы жауаптыларға халықтың талап-тілектерін назарға алып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Талас ауданы әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment