АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ ДОСБОЛ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін түстен кейін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың тұрғындармен есептік кездесу жиыны Досбол ауылдық округінде жалғасты.
Шағалалы ауылында өткен кездесуде аудан басшысы 2024 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша ауданда атқарылған жұмыстарды баяндады. Жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдады.
Досбол ауылдық округінде де бірқатар жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы ауданда атқарылған жұмыстардың қатарында атап өтті.
«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша Досбол ауылдық округінде 59,6 млн. теңгеге 7 жоба іске асырылады деп күтілуде.
«Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Кіші Көкдала ауылына КБМ (кешенді модульдік блог) орнатуға 30,2 млн. теңгеге қаржы қаралды. Қыркүйек айында КБМ орнатылып, пайдалануға беріледі.
2,9 млн.тенгеге Досбол ауылына мал емдеу орны (раскол) орнатылды. 3,4 млн.тенгеге Шағалалы ауылына жасыл белдеу алқабы жасалынды. 4,0 млн.тенгеге Жарма каналына гидроспост құрылысын салуға ЖСҚ әзірленді.
Қазіргі таңда 23 млн.тенгеге биотермиялық шұңқыр құрылысы жасалынуда. Сондай-ақ, Шағалалы ауылдық кітапханасы газ қазандығын орнату, ветеринариялық пункт сатып алу, Досбол ауылдық клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу, Досбол а/о әкімшілігіне пандус орнату, Шағалалы ауылындағы К. Мұсабеков көшесіне жарықшамдар орнату, Шағалалы ауылындағы футбол алаңшасы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Үлкен және Кіші Көкдала ауылдарының кіре-беріс жолдарына, Шағалалы орта мектебін газ жүйесіне қосуға ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан жайылымдық жер, ұялы байланыс, жасыл белдеу орнату, Көкдала мектебінің жабылып қалмауы сияқты мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі бұл мәселелер бойынша атқарылатын жұмыстарды да айтып өтті.
«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы шеңберінде «2023-2027 жылдары Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі» Жол картасына сәйкес электр желілері мен антенна-діңгек құрылысы салынып Кіші Көкдала, Үлкен Көкдала «‎Kcell»‎ АҚ 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, 2025 жылы Кіші Көкдала, 2027 жылы Үлкен Көкдала елді мекендерінде орналасқан мемлекеттік мекемелерге дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін жеткізіледі.
Ауылдық округтегі жайылымдықты пайдалану жоспары мен схемасы дайындау барысында Досбол а/о 1030 жетіспейтіндігі анықталды. Аталған мәселені шешу мақсатында Досбол а/о мемлекет мұқтажы арқылы 500 га қайтарылып елді мекен жайылымына беріледі. Ауыл тұрғындары орман қоры жерінен 14815 гектар пайдалануда. Қосымша меморандум арқылы 5600 гектар жайылымды пайдалануға меморандум жасалды.
Сонымен қатар, 5847 гектар жерді қайтару туралы облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне ұсыныс жіберіліп, нәтижесі күтілуде.
Көтерілген мәселелерді барлығын қарап, бақылауға алу үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.
Ауыл тұрғындары ауданда атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген баға берді.
Аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту, тұрғындардың әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстардың бар екендігін, бұл жұмыстарды іске асыруға бір кісідей атсалысып жұмыс жасау керектігін айтып, жиынды қорытындылады.
Comments (0)
Add Comment