АУДАН ӘКІМІ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАСТАЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Əні-міне дегенше күздің қазан айы ортасынан асып, күн суытып, ызғар келе бастады.
Аудан жұртшылығы қыс маусымына дайындығын қарқынды жүргізіп жатыр.
Әлеуметтік нысандарға, көпқабатты тұрғын үйлерге жылу берілді. Жылытуға қажетті сұйық отын, мазут, көмір қамтамасыз етілген.
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов жылыту маусымының басталу барысын тексерді.
Байқадам ауылдық округіндегі білім мекемелері мен Саудакент ауылдық ауруханасының, сондай-ақ, қатты отынмен жылытылатын Жаңатас қаласындағы Д. Қонаев және Абай орта мектептерінің қазандықтарын, отын сақтайтын орындарын аралап көрді.
— Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс мезгілінің басталатын уақыты алыс емес. Аудандағы барлық әлеуметтік нысандар жылы болу керек. Әрбір мектептегі оқушылар жылы сыныптарда отыруға тиіс, — деген аудан басшысы тиісті сала басшыларына, әрбір жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді .
Comments (0)
Add Comment