Аудан әкімі спорттық самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған Әліпбай Сағыныш пен жеке жаттықтырушысы Ашимов Мұратты қабылдап, арнайы құттықтауын жеткізіп, алдағы әлемдік додаларда бақ сынап, көк туымызды желбірете беруіне сәттілік тіледі.
Елордамыз Астана қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты өткен болатын.
Сары құрлық додасында ересектер сапында 71 келі салмақта бақ сынаған таластық Әліпбай Сағыныш Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған-ды.