Аудан әкімі Ернар Есіркепов белсенді жастармен кездесті.

Еркін форматта пікір алмасу ретінде ұйымдастырылған кездесуге аудандық Жастар ресурстық орталығының өкілдері, ауылдық округтердің белсенді жастары және түрлі салада қызмет атқарып жүрген жас мамандар қатысты.
Жиынға қатысушы жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, аудан басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.
Бүгінде жастар қоғамның қоз­ғау­шы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып ке­леді.
Кездесу соңында жастармен тұрақты түрде байланыс жасап, түйткілді мәсе­ле­лерінің шешімін табуға үлес қо­са­тын аудан белсенді жастарынан тұратын “Жастар лигасы” құрылды.

 

Тұрар Рысқұлов Ауданының Әкімдігі

Comments (0)
Add Comment