ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Жалғас Мұртаза алғашқы кездесуін Ақсай ауылдық округінің тұрғындарынан бастады.
Аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы сайлауда сенім артып дауыс берген бұқараға өз алғысын жеткізді. Сонымен қатар, Ақсай ауылдық округінде атқарылып жатқан бір қатар жұмыстарға тоқталды.
— Округте атқарып жатқан жұмыстар жетерлік. Мысалға Қайрат ауылының Абай, Садыбай батыр, О.Тәукебай, Ә. Молдағұлова көшелері орта жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Қайрат пен Дихан ауылына ортақ мәдениет үйі бой көтеруде. Алдағы уақытта осы мәдениет үйінің қасынан спорт кешені бой көтереді. Алдағы атқарылатын жұмыстар ауқымды, — деп, нәтижелі жұмыс дұрыс жоспарлаудан басталатындығын аудан әкімі айта өтті.
Жуалы ауданы әкімдігі