ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді.
– 2025 жылғы 16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесінде (БҚО шекарасы-Маржанбұлақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, – делінген хабарламада.
Жолды 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелді.
turkystan.kz