Атыраудағы ең үлкен сағат неге тоқтап тұр?

10 жыл бұрын 20 млн теңгеге орнатылған үлкен көше сағаты тағы да істен шықтыдеп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы орнатылған кезде сағат 700 жасанды гүлмен безендіріліп, айналаға көрік берген болатын. Орнатылған сәттен бастап 2018 жылға дейін жыл сайын бюджеттен 8 миллион теңге бөлінді. Алайда2021 жылы сағат механизмі алғаш рет істен шығып, безендірілуі де бұрынғыдай болмады. Ақыры, олардың сырт келбетін жаңарту жөнінде шешім қабылданып, жасыл жабынды көк түске ауыстырылды, ал гүлдердің орнын қазақы ою-өрнек басты. Сағаттың жалпы салмағы шамамен 150 кг болса, әр минут тілінің салмағы — шамамен 30 кг. Механизмнің өзі Украинада сатып алынған.

«Қ.Сәтбаев даңғылында орналасқан гүл-сағатты жөндеуге 12 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты сұралды. Бүгінгі таңда қаржы әлі бөлінген жоқ, ал жөндеумен айналысатын мекеме анықталған жоқ. Жөндеу жұмыстары биылға жоспарланып отыр» деп хабарлады қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз қызметі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген: Динара ҚАНБЕТОВА

https://atpress.kz/kk/news/atyrauda/atyraudagy-e-lken-sagat-nege-tok-tap-t-r?fbclid=IwY2xjawI2OIFleHRuA2FlbQIxMQABHfNirKXRHbCJ-DDOmhaao48r6a1mNeUuJ_emPYlC2976Htch1EuSFkTVyQ_aem_d31PtHkNUW7McnK-YHSmow

Comments (0)
Add Comment