1 наурыз – «Алғыс айту күніне» орай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №75 мекемесінің шаруашылық қызметіндегі жазасын өтеушілер үшін ашық есік күні өтті.
Тәрбие бөлімінің қызметкерлері жазасын өтеушілер мен олардың туыстарын мерекемен құттықтап, келушілерді мекеменің тіршілігімен таныстырды.
Өз кезегінде туыстары осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, іс-шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
https://turkystan.kz/article/214877-atyrauda-zhazasyn-oteushilerdin-tuystary-ushin-ashyk-esik-kuni-otti/