Атырауда «Қазақтелеком» өртеніп жатыр ма?

Бүгін, 19 мамыр күні таңертең сағат 07:03-те Атырау қаласында Абай көшесі, 6/1 мекенжайында орналасқан «Қазақтелеком» ғимаратының бірінші қабатында өрт шықты. От сервер бөлмесінде тұтанған. Өрт аумағы 16 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен. Сағат 07:37-де өрт толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, автоматты дабыл беру жүйесі іске қосылып, жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік берген. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 26 қызметкері мен 6 техникасы, сондай-ақ, Апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Амандық АБДОЛ

Фото: ТЖД, 2gis.kz

 

Comments (0)
Add Comment