Мектептерде 2023 жылға күрделі жөндеу жоспарланған.
Қазіргі уақытта мердігер ұйымдармен шарттар жасалып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу наурыз айының соңында басталып, 3,5-6,5 айдан кейін аяқталуы керек.
«Жұмыстар авторлық және техникалық қадағалау ұйымдарын тарта отырып, бекітілген ЖСҚ бойынша орындалатды. Егер жөндеуді жазғы демалыста бастаса, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде жаңа оқу жылы басталғанға дейін жұмыстарды аяқталмауы да мүмкін», – деді қалалық білім бөлімі.