Атырауда 8 мыңға жуық ит ауланды

Оның 300-ге жуығы залалсыздандырылып, қоғамға қауіпсіз деп танылғаннан кейін кері босатылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, осыған дейін облыста 7623 итке эвтаназия жасалынған.

— Адамдарға қауіпсіз деп танылған жануарларға вакцинация, стерилизация, кастрация жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралардан соң иттердің иесі табылғанға дейін 14 күн изоляторларда болады, иесі табылмаса, ауланған жеріне қайтадан апарамыз,-деді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ветеринария бөлімінің бас маманы Ықылас Азаматов.

Қазір облыс бойынша қаңғыбас иттерді аулау, залалсыздандыру жұмыстарын «Forward Star» ЖШС, «Нурбаев» ЖШС, «Жан Жұмағы» ЖК мердігер мекемелері жүргізіп жатыр.

Сәуле МАҒАУ

Фото: «Атырау ӨКҚ»

AtyrauPress тілшісі.

Comments (0)
Add Comment