№437 ұңғыманы жабуға дайындық жұмыстары кезінде герметизациялау жүйесі бұзылған. Оқиға мердігер ұйым жүргізген гидравликалық сынақтар барысында болған.
«Нәтижесінде бір жұмысшы кеуде тұсынан жарақат алды, бірақ ішкі органдары зақымданған жоқ. Қазіргі уақытта ол Құлсары қалалық орталық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші жұмысшы медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді», – делінген хабарламада.
Оқиға туралы Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарланған.
фото: Istockphoto
https://turkystan.kz/article/256998-atyrau-oblysyndagy-ken-ornynda-zhumysshylar-zharakat-aldy