Бүгінде екінің бірі ашуланшақ, сөз көтере алмайды.
«Ашуыма тиіспеші»- деп бір-бірінің жағасынан ала түседі.
Біз жауды сырттан іздейміз, ал шындығында жау ол біздің ішкі жан дүниеміздегі- ашу.
Ашу жүрген жерде ақыл жүрмейді.
Ашу қысса, ақыл ғайып болады.
Бойың ашу билеген адам ұяттан алыстайды.
Қатты реніш үстінде, тіліңізге ие болыңыз немесе тіліңіздің барын ұмытыңыз.
«Асығу-шайтан ісі»- деп бекер айтпаған.
Адам қандай жағдай болса да, ой елегінен өткізбей, асығыс шешім қабылдамауы керек.
Ашу үстінде жасалған шешім мен таңдауды немесе қателікті адам кейін ешқашан өзгерте алмауы да мүмкін…
Шәкәрім :»ашумен қылған іс-іс болып жарытпайды»- деген екен…
РАЙХАН МАТАЕВА