Нұрлан Тәжібаев үйіне түске асқа келе жатқанда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен. Соққыға жерге құлаған ер адам есінен танып қалған. Сонымен қатар мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған.
Ескі диван көпқабатты үйдегі ортақ балконда тұрғаны белгілі. Қазір полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда ескі жиһазды биіктен лақтырған адам әлі табылмаған. Жақын маңда бейне бақылау камерасы да жоқ екен. Ал куәгерлердің айтуынша, бұл қабаттан жасөспірімдердің жүргенін көрген. Егер кінәлі анықталса, қатаң жазаға тартылады.https://stan.kz/astanalik-darigerler-ustine-divan-kylap-ketken-er-adamg-376848/