Астанадағы LRT рельс жолының 25 пайызы аяқталды

Астана қаласының әкімдігі
https://turkystan.kz/article/259797-astanadagy-lrt-rels-zolynyn-25-paiyzy-aiaqtaldy

Астанада LRT рельс жолының 25%-ы аяқталды — екі жолақты 22,4 км желінің 5,6 км төселді, деп хабарлады City Transportation System, деп хабарлады turkystan.kz.

Құрылыс алаңында арнайы техника: рельсті экскаватор, бетон араластырғыш, консольді кран және басқа да жабдықтар жұмыс істеуде.

Құрылыста DTVII2-1 атты инновациялық рельс бекіту жүйесі қолданылып жатыр. Ол шу мен дірілді 10 дБ-ге дейін төмендетіп, тозуға төзімділігі жоғары және түрлі жағдайларға бейімделе алады.

2024 жылы №116 және №117 станциялары арасындағы эстакадада алғашқы 500 метр жол төселді. Бұл сынақ кезеңі қыста ауа райының рельс құрылымына әсерін зерттеуге мүмкіндік берді.

Құрылысты толық аяқтау 2025 жылдың жазына жоспарланған, ал қыркүйекте алғашқы пойыздар жеткізіліп, сынақ жұмыстары басталады.

Comments (0)
Add Comment