Астанадағы балабақшада ерекше балаларды қорлау фактісі тіркелді

Астана тұрғыны қаладағы балабақшалардың бірінде 6 жасар ұлының бірнеше рет қорланғанын айтып тағы шағымданды, – деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтарында Астана тұрғыны ерекше балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың бірінде тәрбиешілер баласын бірнеше мәрте қорланғанын айтып шағымданған болатын. Ол бірнеше мәрте баласының денесі көгеріп жерлерін байқаған. Алайда, балабақша тәрбиешілері мұны баланың бейқамдығымен байланыстырып, барлық баланы қарауға уақыт жетпейтінін айтып түсіндірген.

Кейін баланың анасы балабақшадағы бейнежазбаны тексергеннен кейін тәрбиешінің баласын жиі қорлағанын көріп, шошып, бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялады. Қазір іс 110-бап «Азаптау» бойынша тергеліп жатыр.

Алайда кеше түнде әйел редакцияға тағы да хат жазды. Басқа орталыққа ауыстырылғаннан кейін бала тағы да қорлық көрген.

«Әлеуметтік қорғау басқармасы баламды Астана әкімдігінің нұсқауымен басқа орталыққа ауыстырды. 1 сәуірден бастап жаңа орталыққа бардық. 3 мамырда өткен күндердегі бейнежазбаны қарап шыққаннан кейін бұл орталықтағы мамандардың ба баламды қорлағанын көрдім», – деп жазды астаналық әйел.

Әйел ұсынған бейнежазбадан балабақшадағы тәрбиешінің баланы басынан ұрып, қолын тартып, еденде сүйреп, төсекке дөрекі лақтырып жібергені көрсетілген. Баланың денесіндегі көптеген көгерген жерлер мен сызаттар болған оқиғаларды айғақтайды.

Зардап шеккен баланың анасы полицияға арызданған.

«Мемлекеттен онлайн бейнежазба енгізуді сұраймын! Жұмыста отырған әрбір ата-ана баласының не істеп жатқанын көруі үшін! Баламызды кімге сеніп тапсырамыз? Мына оқиғамен қалай күресеміз?», – деп ашуланады баланың анасы.

Астана қаласының полиция департаменті Астана тұрғынының арыз жазғанын растады. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 1Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау1 бойынша соталды тергеу басталған.

https://turkystan.kz/article/221921-astanadagy-balabakshada-erekshe-balalardy-korlau-faktisi-tirkeldi/

Comments (0)
Add Comment