Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған. Осы ауданда тұратын куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 17 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында құлаған.
Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
«Қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталып жатыр», — деп түсіндірді Астана полиция департаментінің баспасөз қызмет өкілі.
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
https://massaget.kz/news/astanada-jasosprm-kopkabattyi-uydn-terezesnen-kulap-kett-123918/?fbclid=IwY2xjawH4mNxleHRuA2FlbQIxMQABHbYhTW0uE8mV7KckBkpGSZftvXnuZMzfcANm8V4DJIuypitcNWRs7NjcSw_aem_nNAHeuR2K_43xh4y4QU61A