Астанада велотректен жастар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық чемпионат жалғасып жатыр.
«Сарықарқа» велотрегінде жиналған 100-ден аса спортшы бүгін, міне, 5-күн қатарынан өзара мықтыны анықтауда. Өйткені жарыс жеңімпазы ел чемпионы деген атақтан бөлек алдағы әлем чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Дүниежүзілік дода тамыздың 15-і мен 19-ы аралығында Швейцарияда өтеді. Оған ұлттық құрама командалық, жекелей және топтық сындар бойынша қатыспақ. Ал енді сол байрақты бәсекеге нақты кімдердің аттанатыны ертең белгілі болады. Өйткені ұлттық чемпионаттың шешуші финалдық сындары 3 тамыз күні өтеді.
Эльвира Хамзина, велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының шәкірті:
— Бұл жарысқа біз қатты дайындалдық. Күніне 4 мезгіл жаттығу жүргіздік. Өз мүмкіндігімізді тректе де, тас жолда да сынап көрдік. Енді осы чемпионатта рекорд тіркегіміз келеді. Ұлттық біріншілікте топ жарғандар алдағы әлемдік дода да ел намысын абыроймен қорғайды деп үміттенін.