Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасының 55 жылдық мерейтойы астарлы «Инклюзивті әлем» атты республикалық конференциямен атап өтілді.
Аталған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен – Алматы, Шымкент, Тараз, Павлодар, Петропавл, Қарағанды және Көkшетау қалаларындағы арнайы кітапханалардың өкілдері қатысып, инклюзивті бағыттағы жобалармен танысты, әрі өзара тәжірибе алмасты.
Конференцияға Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасының директоры Ж. Алшынбаева да қатысты. Ол әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Шара барысында қатысушылар инклюзивті ақпараттық қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерімен танысып, сала бойынша өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.