3 ақпанда дипломатиялық, ғылыми-зерттеу, аналитикалық топтардың өкілдері «Казахстан и Центральная Азия между вызовами из прошлого и грядущего» кітабының таныстырылымына жиналды.
Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Кітаптың авторы Санат Көшкімбаев – институт директорының орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы, халықаралық қатынастар саласындағы белгілі сарапшы.
Санат Қайырслямұлының кітабында өңірдің эволюциясын көрсететін мақалалар мен баяндамалар жинақталған, негізгі сын-қатерлер мен тәуекелдер талданады, даму трендтері мен сценарийлері қадағаланады.
«Казахстан и Центральная Азия между вызовами из прошлого и грядущего» кітабы – Санат Қайырслямұлының көп жылғы еңбегінің нәтижесі. Кітапты оқу барысында Орталық Азия аймағының ішкі процестерін тарихи жағынан да, саясаттану жағынан да тереңірек түсінуге болады. Халықаралық тұрақсыздықтың күшеюі салдарынан аймақтық өзара іс-қимылдың маңызы артып келеді. Орталық Азия тағы да үлкен халықаралық саясаттың назарында. ҚСЗИ Орталық Азиядағы әріптестерімен кездесу үшін дәстүрлі алаңға айналды. Біз өткен жылы бірнеше ірі іс-шаралар өткіздік. 20 қаңтарда ҚР СІМ-мен бірлесіп «Орталық Азия-2030: болашақтың бейнелері» сараптамалық кездесуін ұйымдастырдық. Бірінші рет бір сессияда Орталық Азияның бес елінің барлық жетекші институттары мен стратегиялық зерттеулер орталықтарының басшылары жиналды. Бұл іс-шара Орталық Азия серіктестерінің жоғары қызығушылығын тудырды», – деді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов.
Іс-шараға саясаттану докторлары, тарихшылар, халықаралық зерттеулер саласындағы көрнекті ғалымдар, ЖОО оқытушылары қатысты.
https://turkystan.kz/article/212418-astanada-kazakstan-men-ortalyk-aziya-turaly-kitaptyn-tanystyrylymy-otti/