Астанада ер адам жасөспірімді лифтіге қамап, тұншықтырған (ВИДЕО)

Оқиға 28 қараша күні Қ.Сәтбаев көшесі, 31-де сағат түнгі 22:10-да болған.

Астана қаласында ер адам 15 жастағы ұлды лифттен шығармай қойған. Әлеуметтік желіде видео пайда болды.

Zhaloby.astana мәліметінше, оқиға 28 қараша күні Қ.Сәтбаев көшесі, 31-де сағат түнгі 22:10-да болған.

Бұл ер адам ішімдікке тойып алған сияқты. Ол 15 жасар ұлыма оны өлтіремін деп қорқытып, балағат сөздер айтқан. Кейін баламды тұншықтыруға тырысқан және лифттен шығармай қойған. Баламның қолын бұраған. Полицейлерге де қарсылық көрсетіп, менің жұбайымды қорлады, – деп жазады қала тұрғыны.

 

фото: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/252645-astanada-er-adam-zhasospirimdi-liftige-kamap-tunshyktyrgan-video
Comments (0)
Add Comment