18 ақпан полицияға Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында жастар арасында төбелес болып жатқаны туралы ақпарат түсті деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы Алматы ауданының ПБ-на жеткізілді.
«ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады», – делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/213919-astanada-bir-top-zhigit-zhappay-tobeles-uyymdastyrgan/