Астанада апатты күйде тұрған 200-ден астам үй бар – Жеңіс Қасымбек

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, оларды алаңдатқан мәселелерін тыңдады деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елордада 16 елді мекен бар. Қаланың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады. Тиісінше қаланың шет жағында тұратын тұрғындармен тұрақты кездесу өткіземін. Жұмыс жоспарымызды ауданның қажеттіліктері мен тұрғындардың өтініштеріне сүйене отырып жасаймыз.

Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Тұрғындар апатты жағдайда тұрған екі жатақхананы бұзу, жол салу, медициналық орталықтар ашу, газдандыру, электр қуаты, қосымша маршруттарды іске қосу, камералар орнату, абаттандыру (аулалар/гүлзарлар көгалдандыру), құжаттарды заңдастыру секілді т.б. мәселелерді көтерді.

Проблемалар шешіледі, тұрғындармен бірге тиісті міндеттердің басымдығын анықтаймыз және кестеге сәйкес елді мекенді дамытамыз. Бұзу мәселесіне тоқталар болсам, қалада апатты күйде тұрған 200-ден астам үй бар. Қазіргі уақытта біз бұзу бойынша тізім жаңартып жатырмыз.

Алдағы 3 жылда апатты әрі тозығы жеткен үйлердің тұрғындарына арнап 2,5-3 мыңға жуық пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Тозығы жеткен үйлерді бұзу ісін мүмкіндігінше жылдамдататын боламыз», — деп жазды елорда әкімі.

https://turkystan.kz/article/218779-astanada-apatty-kuyde-turgan-200-den-astam-uy-bar-zhenis-kasymbek/

Comments (0)
Add Comment