Бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін қала тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, алаяқ өзін жоғары лауазымды шенеуніктің туысы ретінде таныстыра отырып, жәбірленушілерге қаржы ұйымынан есептен шығарылған, өкілдік санаттағы автокөліктерді нарықтан төмен бағамен сатып алуды ұсынған.
«Осылайша, сотталған жәбірленушілердің 37 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Сотталғанның бастапқыдан автокөліктерді сатып алу ниеті болмағаны, ол өзінің нұсқасын жәбірленушілерден барынша пайда алу үшін ойлап тапқаны мемлекеттік айыптаушымен дәлелденді», — делінген хабарламада.
Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.Үкім заңды күшіне енді.
https://turkystan.kz/article/242666-astanada-alaya-elitaly-k-likterdi-arzan-ba-amen-syn-an