Бұл жолы жәрмеңке Тұран даңғылы 48 мекен-жайында, «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда өтеді. Жәрмеңкеге 100 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Елорда қонақтары мен тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:
Ет және шұжық өнімдері — 100 тонна;
Картоп пен көкөністер — 50 тонна;
Сүт өнімдері — 20 тонна;
Жұмыртқа — 400 мың дана.;
Балық — 2 тонна;
Ұн және макарон — 25 тонна.
Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан төмен болады. Өнімнің жалпы көлемі 300 тоннадан асады.
Ауыл шаруашылығы өнімі бар автокеруеннің Астанаға шығуы 27 қазанда жоспарлануда.
https://turkystan.kz/article/235507-astanada-a-mola-oblysyny-auyl-sharuashyly-y-zh-rme-kesi-tedi