18-19 қазанда елордада Қазақстанның ХI Азаматтық форумы өтеді. Оған 600-ден астам қатысушы, оның ішінде ҮЕҰ жетекшілері, қоғамдық кеңестердің төрағалары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес өкілдері, өңірлік және ұлттық даму институттары, ҚР «Атамекен» ҰКП, еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтық белсенділер қатысады.
Биылғы форумның тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін — азаматтық қоғам дамуының басты бағыты». Оның міндеті – Қазақстанның стратегиялық мақсаты — Әділетті мемлекет құру мақсатына жету үшін мемлекеттің толыққанды және өзара тиімді серіктесі ретіндегі азаматтық сектордың қоғамды топтастырудағы рөлін анықтау.
Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева азаматтық қоғамның ахуалы жайында айтып өтті:
«Тәуелсіздік жылдарында тиісті кәсіпқойлығы мен қаржылық қолдауы жоқ ҮЕҰ шағын тобынан шыққан азаматтық сектор бүгінде мемлекеттік шешімдерді қабылдауға қатыса алатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әлеуметтік қызметтерін жүзеге асыру көлемі елдің жалпы ішкі өнімінің 5%-ға жуық көлемін қамтамасыз ете алатын жетілген күшті қоғамдастыққа айналды. Жетілген азаматтық қоғам – мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асырудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі», — деді ол.
2023 жылы алғаш рет еліміздің 20 өңірінде облыс әкімдіктері мен Өңірлік Кәсіпкерлер Палаталарының қолдауымен қоғам белсенділері өңірлік форумдарды ұйымдастырып өткізді. Олардың әрқайсысында белгілі бір аймаққа тән түрлі тақырыптар бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Алматы қаласында Тұрақты Даму Мақсаттарын жүзеге асыру талқыланды, ал Батыс Қазақстан облысында инклюзивті мемлекеттік саясат және оған азаматтық қоғамның үлесін қосу мәселелері туралы сөз қозғалды. Қостанай облысында аймақтық форум халықаралық деңгейге ие болды. Өзбекстан, Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия, Франция, Грузия және Украинаның қоғам қайраткерлерімен бірге халықаралық серіктестіктер талқыланды. Шымкент форумының басты тақырыбы еліміздегі жастар саясаты атанды.
Қазақстанның Азаматтық альянсы басшысының айтуынша, республикалық форум өткен өңірлік форумдардың логикалық қорытындылауы болмақ.
Форум аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және ҮЕҰ-ның басқа да көшбасшыларының қатысуымен пленарлық отырысы өтеді. Отырыста қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік әріптестіктің жаңа мәдениетін қалыптастыру бойынша жалпы ұсынымдар әзірлене отырып, тақырыптық өңірлік және шағын форумдардың қорытындылары шығарылатын болады.
Сонымен қатар, Форум аясында бірнеше іс-шаралар өтеді:
- Халықаралық жаттықтырушылардың қатысуымен мастер-класстар;
- Әлеуметтік жобалардың көрме-тұсаукесері;
- Азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері бойынша диалог алаңдары;
- Серіктестік келісімдер мен меморандумдарға қол қою;
- Қайырымдылық саласындағы құрметті атағымен марапаттау;
- «Таңдау» Республикалық қоғамдық сыйлығын тапсыру;
- ҮЕҰ-2023 сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау;
Форум қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу күтілуде. Сондай-ақ, XI Азаматтық Форумға қатысушылардың Қазақстанның стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін қоғамды шоғырландыру жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды қабылдау-мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның тең құқылы әріптестігі негізінде әділ мемлекет құру. Бұл шаралар әділетті мемлекет құру үшін реформаларды іске асыруға азаматтық секторды белсенді тарту арқылы мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Бүгін әлемдегі геосаяси және әлеуметтік ахуалы тұрақсыз болған кезде біз мемлекеттік органдармен бірігуіміз керек. Ынтымақтастық қағидатын пайдалана отырып, мемлекеттік шешімдер қабылдау мәселелеріне азаматтық сектордың қатысу парадигмасын түбегейлі өзгерту қажет. Мұндай іс-шараларды өткізу ел халқының өмірін жақсарту жөніндегі жаһандық міндеттерді бірлесіп шешу үшін мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты жолға қоюға ықпал етеді. Тек осы жағдайда ғана азаматтық қоғам жаңа трансформацияның жолсерігі бола алады», — деп қорытындылады Нұрғазиева.
https://turkystan.kz/article/234959-astanada-600-den-astam-mamanny-atysuymen-hi-azamatty-forumy-tedi