Астанада үш баланың өмірін жалмаған өртке қатысты жаңа дерек шықты

istockphoto

Астанада үш баланың өмірін жалмаған өртке қатысты жаңа дерек шықты: 12 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Асталан қалалық ТЖД бүгін түнде тұрғын үйдің 15-қабатында болған өртке қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство хабарлауынша, ауладағы кіреберіс металл қақпалармен жабылып, аулада автокөліктер көптеп тұрған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық ТЖД мәліметінше, ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жеткен. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтердің бүкіл аумағы ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Пәтер металл есікпен жабылған, екі құлып орнатылған, оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бұзып ашғаны белгілі болды.

«Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден бір әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

ТЖД қызметкерлері жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетімен шықты. Өрт толық сөндірілді.

Өрт дабылы мен хабарлау жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа автоматты түрде түсті. Сонымен қатар, ауладағы кіреберіс металл қақпалармен жабылып, аула автокөліктермен толтырылғанына қарамастан, ТЖД күштері өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берген жоқ.

Өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы мен шығу себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады департамент өкілдері.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279629-astanada-us-balanyn-omirin-zalmagan-ortke-qatysty-zana-derek-syqty

Comments (0)
Add Comment