Астананың халықаралық әуежайының ұшу-қону жолақтары жөндеуден өтеді деп хабарлады turkystan.kz әуежайға сілтеме жасап.
«Әуежайдың ұшу-қону жолақтары 2023 жылғы 15 шілдеден 8 тамызға дейін жоспарланған. Бұл уақыт құрылыс кезеңінің неғұрлым қолайлы жағдайларына байланысты. Жөндеу жекелеген учаскелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жолымен жүргізілетін болады, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығын жөндеу жоспарлануда» – делінген хабарламада.
Айта кетсек, жөндеу жұмыстары қолайлы уақытқа таңдалған. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, жауын-шашынның минималды түсуі және асфальтбетон зауыттарының үздіксіз қызметі жөндеу жұмыстарын аталған кезеңге белгілеуге мүмкіндік береді.
https://turkystan.kz/article/214384-astana-euezhayy-zhondeu-zhumystaryna-baylanysty-zhabyla-ma/