ov.kz
https://turkystan.kz/article/263995-asqar-izbasov-askeri-aue-kusterinin-qolbassysy-bolyp-tagaiyndaldy
Асқар Ізбасов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Басқа бұйрықпен Руслан Құныров бұл қызметтен босатылды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды», – деп жазылған ресми ақпаратта.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263995-asqar-izbasov-askeri-aue-kusterinin-qolbassysy-bolyp-tagaiyndaldy