Жергілікті көлік жүргізушілерінің сөзіше, жол беті қазір мыжылған жамылғы көрпеге ұқсап тұр. Мұндай ақауға алғаш рет тап болып отырмыз дейді.
Бұл көпір жарты ғасырға жуық уақыт бойы Семейдің Ертіс арқылы өтетін негізгі өткеліне айналды. Ол сонау 1957 жылы салынған еді. Соңғы онжылдықта ол апатты жағдайға тап болды. Семейліктер оны «ескі көпір» деп атайды. Ал «жаңа аспалы көпір» 1998-2000 жылдар аралығында салынған 1990 жылдары тез құлдырап бара жатқан қалада ТМД елдерінде теңдесі жоқ аспалы көпірдің салынуы нағыз ғажайып іс ретінде қабылданды.
Көпір Жапонияның Қазақстанға 157,7 миллион доллар көлемінде несие беруінің арқасында бой көтерген еді. Көпір салушылар – жапондық IHI компаниясы мен түрік мердігері Alsim Alarko жергілікті тұрғындарға шетелдік сапаның қаншалықты мықты екенін көрсетті.
Ұзындығы 1086 метр, биіктігі 98,5 метр болатын көпір Семейдің басты көрікті жеріне айналды. Оның алты жолағы республикалық және халықаралық тас жолдардағы кептелістерді жеңілдетуге мүмкіндік берді. Жалпы ұзындығы 14,5 шақырым болатын барлық іргелес жолдардың заманауи қайта жаңғыртылуы қала тұрғындарын қуантты.
Алайда, бар болғаны алты жыл белсенді пайдаланудан кейін «жаңа» деген лақап аты бар көпірдің жағдайы айтарлықтай нашарлады. 2007 жылы билік аспалы көпірді пайдалануға жауапты компания құрылды. Бірақ шенеуніктер оны ұстауға жылына қажет 450 миллион теңгенің қала бюджетінде жоғын айтты.
«Ақша жоқ. Бірақ шыдаңыздар!», – деді шенеуніктер.
2021 жылы толық жөндеу көрмеген көпірге әкімдіктің смарт жарық орнатуы семейліктерді ашуландырды. Жобаға 400 миллион теңгеден асатын ақша кеткен. Әлеуметтік белсенділер түрлі-түсті жарықтандыруды үйсіз адамның саусағындағы жарқыраған гауһар тасы бар сақинамен салыстырды.
Ал 2022 жылдың жазында көптен бері шешімін таппай жатқан мәселенің түйіні шешілді. Одан кейін көпірдің жай-күйін тексеру ниетімен Семейге Жапониядан делегация келді. «Күншығыс елі» үкіметі жерлестер салған Ертіс өзеніндегі аспалы көпірді қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы бөлді.
ITOCHU Corporation және IHI Infrastructure System Co, Ltd жетекші компанияларының мамандары жедел тексеруден кейін көптеген кемшіліктерді атап өтті. Олардың қатарында жол жамылғысының бұзылуы, металл құрылымдарының коррозиясы, лифттердің, электр жабдықтарының және электр желілерінің дұрыс жұмыс істемеуі жатады. Алайда толық есеп ашық жарияланбаған.
Ал 2024 жылдың ақпанында «жаңа» көпір ыдырай бастады.
«Компенсаторлардың ашылуы №1 тіреуіште шамамен 70 мм және компенсаторлардың жоталары арасындағы ашылу №10 тіреуіште 60 мм болды”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Осытұста шенеуніктер көпір құрылыстарынан көзге көрінетіндей зақым табылмағанын айтты.
“Көпір тіректерінің жағдайы қанағаттанарлық . Көпірдің құлау қаупі анықталған жоқ”, – деді Абай ауданы әкімдігі.
Көпірдің «ажырауынан» кейін билік жапондықтар 2022 жылы жүргізген сауалнама нәтижелерімен бөлісті. Содан кейін инженерлер апатты жағдай анықталмаған деген қорытындыға келді. Соған қарамастан, осы зерттеу негізінде 2023 жылы көпірді күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.
«Жаңа жоба көпірдің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қамтиды,. Соның ішінде инженерлік желілер мен кабельдерді қайта құру, коррозияны жою, металл конструкцияларды бояу, су бұру жүйелері мен жүк көтергіш құрылымдарын жөндеу», – деп хабарлады әкімдік 2024 жылдың көктемінде.
Күрделі жөндеу жұмыстары барысында көпірдің жол бөлігінің асфальт жамылғысын заманауи технологиялар арқылы толығымен ауыстыру да жоспарланып отыр. Рас, бұл жақын арада болмайды. Жобалық құжаттаманы әзірлеу тек ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін 2025-2027 жылдар аралығындағы кезеңге республикалық бюджеттен құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыруға бюджеттік өтінім беріледі.
https://stan.kz/news-406279/