АСА АУЫЛЫНДА 3-НШІ КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ САЛЫНДЫ

Республика күні қарсаңында Жамбыл ауданындағы 6 елдімекенде әмбебап спорт кешендері, кіші футбол алаңы және балалар ойын алаңшасын ел игілігіне беру жоспарланған. Соның бірі, бүгін аудан орталығы – Аса ауылында үшінші кіші футбол алаңы ел игілігіне берілді. Осы күнге дейін тұрғындар спортпен айналысу үшін теміржол торабынан өтіп, спорт кешендерінде жаттығатын болған. Құрылысы жұмыстарына 9 млн астам қаражат қаралыцп, мердігер мекеме «Energy kaz group» жұмыстарды сапалы аяқтаған. Алаңша теміржол өткеліндегі, яғни Ғ.Мұратбаев көшесі тұрғындарына қызмет көрсетпек.
Тұрғындардың қуанышына ортақтасуға келген аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова жұртшылықты жаңа нысанның салтанатты ашылуымен құттықтап, спорт саласында атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.
– Сіздерді бүгінгі ашылып отырған шағын футбол алаңының ашылуымен құттықтаймын. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің барлығын жасауда. Ауданымызда спортқа ден қойған азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Соның бір айғағы, ауданымызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 35 мыңға жетті. Өңірде бұқаралық спортты дамытуға үлкен мән беріліп, 174 спорт нысаны жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы Сұлутөр ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 4 елді мекенде спорт кешендерін пайдалануға беру жоспарлауда. Сонымен қатар, келесі 2024 жылы Бесағаш ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталатын болады, – деді Махпал Сатыбалдықызы.
Сондай-ақ АМАНАТ партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшынбетов сөз сөйледі
Жалпы аудан тұрғындарына 1 стадион, 3 спорт кешені, 42 спорт зал, 20 үлкен футбол алаңы, 54 кіші футбол алаңы, 16 баскетбол алаңшасы, 20 волейбол алаңшасы, 12 стритворкаут, 4 әмбебап алаңшасы, ипподром, теннис корты қызмет көрсетеді.

Жамбыл ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment