АРСЫЗ БОЛМАЙ АТАҚ ЖОҚ…..

“Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайды?”- деп атам қазақ қалай тауып айтқан. АҚШ философы Алан Дено өзінің «Мәңгішілік жүйесі» атты кітабында былай дейді:
«Бүгінгі күнде арсыз, мәнсіз адамдар шайқаста жеңіске жетті. Уақыт өзгерді — ақиқат пен асыл құндылықтардың уақыты кетті. Енді бәрін өздерінің арсыздығы мен жемқорлығымен осы төмен адамдар билеп отыр.
Құндылықтар мен биік қағидалар жоғалғанда, бағдарламаланған азғындық — талғамға, мінезге, құндылықтарға айналады. Бұл — төмендердің, жалаңбас дарақылардың заманы».
— Адам қаншалықты үстірттікке, жеңілдікке және арзан күлкіге бой ұрса, соншалықты көп танымалдық пен атаққа ие болады.
Алан Дено тағы былай дейді:
«Әлеуметтік желілер арсыздарды пір тұтатын жүйені қалыптастырды. Енді кез келген әдемі, бірақ ақылсыз қыз немесе келбетті, бірақ бос белбеу жігіт түрлі платформалар арқылы көрерменге өзін мойындата алады.
Бұл платформалардың көбі — бос, елес сияқты, әрі олар уақытпен жарысуға лайық ешқандай құндылықты өнім бермейді…»
А. Сманов парақшасынан.
(Әлем әдебиеті)
Comments (0)
Add Comment