Бұл туралы Армения сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ани Бадалян мәлімдеді.
“Армения Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне және ұйымның 75 жылдығына арналған шараларға қатысуға шақырту алды. Армения саммитке қатысатынын растады”, – делінген ресми хабарламада.
Саммит 9-11 шілде аралығында өтеді.
Армения Палестинаның тәуелсіздігін ресми мойындады
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Джеймс О’Брайеннің айтуынша, сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесуге НАТО-дағы барлық серіктес елдер, соның ішінде Әзірбайжан мен Армения да шақырылған.
«Мен екі ел де қатысады деп үміттенемін», – деді хатшының көмекшісі.
Сондай-ақ О’Брайен Вашингтонның АҚШ-та Армения мен Әзірбайжан сыртқы істер министрлерінің жаңа кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығатынын мәлімдеген еді.
https://stan.kz/armeniya-vashingtonda-otetin-nato-sammitine-katispak-402568/