Қазақстандық Арман Әшімов М-1 нұсқасы бойынша чемпиондықа атаққа ие бола алмады. Ол украиналық Александр Доскальчукпен жекпе-жекке шықты. Алайда Арманның білегі сынып, салдарынан жекпе-жекті екінші раундта тоқтатуға тура келді.
Бұл туралы SPORTINFORM-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Санкт-Петербургте ережесіз жекпе-жек бойынша (ММА) M-1 Challenge 92 халықаралық турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жектерінің бірі М-1 Challenge атағы үшін күрекен жеңіл салмақтағы Арман Әшімов пен Александр Доскальчуктің кездесуі болды. Алайда 5 раундқа жоспарланған жекпе-жек 2 раундқа созылды. Бұл жекпе-жекті қазақстандық жеңеді деп күтілгенімен, жеңіс оның қарсыласына бұйырды. Әшімов қолын сындырып алғандықтан, екінші раундтан кейін жекпе-жектен бас тартуына тура келді.
Бұл Арманның аталған ұйымдағы алғашқы жеңілісі. Бұған дейін ол финляндиялық Микаэль Силандерді нокаутқа түсіріп, «уақытша» чемпион белбеуін иеленген еді.
Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық 4 боксшының спорттан шеттетілгенін жазған едік.
Источник: Stan.kz