Ардагерлер арасындағы турнир

Талас ауданы әкімінің кубогы үшін ардагерлер арасындағы турнир басталды!
20 қыркүйек күні Талас ауданында ардагерлер арасындағы кіші футболдан Аудан әкімінің кубогы басталды.
Іс-шараның ашылуына аудан әкімі Нұрбол Әбдімажитұлы Жүнісбеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Турнир 2025 жылдың қыркүйек және желтоқсан айлары аралығында әр сенбі күні жалғасатын болады.
Бұл жарыстың басты мақсаты – ардагер спортшылардың белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және аудан тұрғындары арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру.
Барлық спортшыларға сәттілік тілейміз!
Comments (0)
Add Comment