«Әр отбасында 7-8 бала болуы керек»: «Жігіттер» тобының әншісі жастарға үндеу жасады

Әнші елдегі демографиялық мәселені қозғады.

Айдар Тұрғамбек халық санын көбейтудің жолын айтты, деп жазды turkystan.kz.

«Мына кең байтақ жерді халыққа толтыру керек. Көп жастар отбасын құрып, 2-3 баламен шектеліп қалып жатыр. Асыраудан қорқып, жағдай жасап алсақ, осылардың өзін жекізіп алсақ деп уақыттары өтіп жатыр. Уайымдамай, көбейіңдер!  Кейін рахатын көресіңдер. Әрбір отбасында кемінде 7-8 баладан болуы қажет. Бұл маған да қатысты», — деп жазды әнші.

Еске салсақ, бұған дейін Айдар Тұрғамбек не үшін тойға шығатынын айтқан еді.

 фото: nur.kz
https://turkystan.kz/article/257261-r-otbasynda-7-8-bala-boluy-kerek-zhigitter-tobynyn-nshisi-zhastarga-undeu-zhasady
Comments (0)
Add Comment