Өнер иесінің ортаншы қызын алып қашып кеткен еді. Алайда жұлдызды әке қарсы болып, қолдан ұзатып берді.
“Келіндік өмірдегі алғашқы күнім. Мен түскен әулиетте қазақи салт-дәстүрді өте керемет ұстанған. Жас түскен келін бастапқы уақытта қазақша киімдерін киіп, күміс әшкейін тағып, “мешіт орамалын” тағып таңертең ерте тұрып, дастарханын жасап, шәйін қойып үйдегі адамдарды дастархан басында күтеді.
Келгенде алғашқы таңғы сәлемін салып, ыстық шәйін құйып береді. Сонымен қатар, үйге келінге құтты болсын айтып, шашу шашып кез-келген уақытта қонақ келуі мүмкін, сол уақытта келін осылай әдемі болып жүруі керек екен”, – деп жазды жас келін.
- «4 айдан кейін 17 жасқа толады»: Абай Бегей қызының құдалығына қатыспады
- «Менімен танысқанда 9 жаста еді»: Абай Бегейдің әйелі қызын қимай жылап қалды
Сонымен қатар енесі мен абысыны дайындаған бөлмені де көрсетіп, рақметін айтты.
“Мені осылай күтіп алды. Әр қыздың арманы. Маған қажет барлық дүниені жинапты. Келіннің шай құйғанда киетін көйлектерінің неше түрлісі бар. Өзіме де осы образбен жүрген ұнап жатыр. Өмірімдің ең ұмытылмас, қайталанбас, қызықты кезеңдерін бастап кешіп жатырмын. Ертең Алматыға оқуға кеткенде осындай болып жүретін кездерімді сағынатын шығармын. Менің абысынымның айтуынша, ол да жаңа түскен кезінде осылай жүрген екен. Сондықтан да, Алматыға кеткенше мені осындай образбен көресіздер”, – деді блогер.
Еске салайық, Абай Бегейдің су жаңа құдағиы халыққа үндеу жасағанын жазған едік.