АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстарының жүргізілу барысы және саладағы өзекті мәселелер туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің әскерге шақыру бөлімінің бастығы А. Нұралиев баяндады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес Сарысу ауданында 2024 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары басталды. Барлық ауылдық округтерге және Жаңатас қаласының әскери есепке жауапты мамандарына шақырылушылардың тізімі берілді. 2024 жылдың көктеміне берілген жасақ 92 адам, бұл 2023 жылдың күзгі шақыру науқанына қарағанда 24-адамға артық болып отыр. Бізде ең өзекті мәселе шақырылушылардың шақыру пунктіне келуден бас тартып, елемей, назар аудармай жүргендері. ҚР Үкіметінің 15.05.2012 жылғы №620 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу туралы» қаулысына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыруға Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санда 18-27 жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылу құқығы жоқ азаматтар жатады. Әскерге шақыру жұмыстарын жандандыру сапалы атқару мақсатында шақырылушыларды, тіркелген тұрғылықты мекен-жайын, оқу орындарын немесе жұмыс орындарын анықтау үшін және медициналық тексеруге келуден бас тартқан шақырылушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салынады. Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 387 бабында қылмыстық жауапкершілік қаралған.
Күн тәртібіндегі екінші «Жаңатас қаласы аумағынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер учаскелерін зерделеу нәтижесі» туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Жаңатас қаласының әкімі И. Домалақов хабарлама жасады.
Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес беріледі. Жаңатас қаласында жер кезегінде – 1288 азамат тіркеліп тұр. Оның ішінде 34 адам жер учаскесін алынғаны анықталып, кезектен шығарылған. Жаңатас қаласы бойынша 2019-2023 жылдары аралығында елді мекендер шегінде объекті салу үшін (3 жылдық) 396 жер учаскесіне жер тандау актісіне сәйкес шешім берілген. Зерделеу нәтижесінде 291 жер учаскесі жеке меншікке шыққан, мерзімі өткен 81 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған, 17 жер учаскесінің мерзімдері бар, 7 мерзімі өткен жер учаскесі алдағы уақытта мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіледі. Алдағы уақытта жер кезегінде тұрған азаматтарды жер телімімен қамтамасыз ету үшін 2 алқапқа егжей тегжей жоспары әзірленіп инженерлік инфрақұрылым салу үшін ЖСҚ сараптамасымен әзірленді, бюджеттік өтінім өткізілді. Қолдау тауып құрылысы аяқталған сон 355 азаматарға тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдері ұсынылатын болады. Облыстың «Өңірлік геоақпараттық жүйесі» 2020-2021 жылдары аралығында e-jambyl.kz домендік атаумен қалыптастырылып, онда бірыңғай талапқа сай барлық базалық гис-қабаттар енгізілді, яғни тұрғындар үшін геопорталдың ашық картасына 160-тан астам және қызмет бабында пайдалану үшін геопорталдың электрондық кезекші картасына 367 картографиялық деректер енгізілді. Қазіргі уақытта, Геопорталды толықтыру және қажетті деректерді енгізу жұмыстары атқарылуда. Толықтыру жұмыстары аяқталған соң жер телімін электрондық жүйе арқылы кезекпен берілетін болады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Байқадам, Жаңаталап, Игілік ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған жобалары мен өзекті мәселелері туралы» ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
Comments (0)
Add Comment