АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Аудан аумағында жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық полиция бөлімі ЖПБ-нің бастығы А. Жақыпбеков баяндады.
Ағымдағы жылдың 10 айында көлік жүргізу тәртібін бұзу фактілері бойынша 2447 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Жол-көлік оқиғалары 70 пайызға, дене жарақатын алғандар 70 пайызға, қаза болғандар 66,7 пайызға төмендеген. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша 10 ай ішінде «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз балалар», «Автобус», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, 678 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Жол апатының алдын алу үшін насихаттық-дәрістік жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Еңбек ұжымдары мен оқу орындарында 51-ге жуық дәрістер мен түсіндірме жұмыстары өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 41 материал жарияланған.
Күн тәртібіндегі «Мемлекеттік грант, несие алған азаматтардың жұмысы туралы » екінші мәселе бойынша аудандық «Мансап» орталығының директоры Д. Борсықов хабарлама жасады.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» аясында жыл басынан белсенді шаралармен 3079 адам қамтылған. Бүгінгі күнге 1213 жұмыссыз есепте тұр. Жыл ішінде қайтарымсыз гарант қаражатын 73 адамға беру жоспарланған. Қаралған қаржы 100740,0 мың теңге. (1 адамға 400 АЕК-ке дейін немесе 1380,0 мың теңге). Бүгінгі күнде грант жоспары орындалып, қаралған қаржы толығымен игерілді. 2023-2025 жылдарға берілетін 2,5 пайызбен жеңілдетілген микрокредит ауданда 14 азаматқа беру жоспарланған. Комиссиядан нң шешімін алған 21 азамат 94400,0 мың теңге несие алды. Атаулы әлеуметтік көмек 319 отбасына тағайындалды.
«Бастау бизнес» кәсіпкерлік курсына 265 адамды оқыту жоспарланып, бүгінгі таңда 353 адам тартылды.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қосымша мәселелер қаралды. «Білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасындағы тәрбие жұмыстары» туралы аудандық білім бөлімінің басшысы И. Баймағамбетов, «NEET» жастардың мәселелері туралы» «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А. Пазылбек атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Аппараттық кеңесте қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment