Жиында баяндама жасаған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Шогаловтың сөзіне сүйенсек, 11 аумақтық округтен 37 мәселе ұсынылыпты. Оның ішінде жол жөндеу мен белгі орнату бойынша – 11, түнгі шамдар орнату – 3, қоқыс бойынша – 3, балалар ойын алаңшасы бойынша – 1, спорт алаңшасын салу – 2, орындықтарды, сынған плиталар мен тағы басқаларды қалпына келтіру – 14 және құдық қақпағы бойынша 3 түйткіл туындаған.
Бүгінгі таңға көтерілген мәселелердің 22-сі орындалып, 15-і орындалу барысында.