Апат айтып келмейді

Жуалы ауданында 3-4 қаңтар күндері қатты желдің соңы дауылға, қарлы боранға ұласып 7 ауылдық округ жарықсыз қалды.
Атап айтқанда Жетітөбе, Шақпақ, Қарасаз, Көкбастау, Боралдай, Мыңбұлақ және Билікөл аймағындағы ауылдардың барлығында электр жарығы өшкен болатын.
Бүгін желілердегі апатты жою үшін аудандық электр желілерін тарату мекемесі тарапынан үш бірлік арнайы техника және құрамында 21 жұмысшысы бар 6 бригада жедел іске кірісіп, елдімекендердегі тұрғындарды электр жарғына қосу үшін жұмыс жасауда.
4 қаңтар сағат 17-00-дегі мәліметке сәйкес;
Шақпақ ауылдық округінде 5 ауылға,
Күреңбел ауылдық округінде 2 ауылға,
Қарасаз ауылдық округінде 3 ауылға,
Нұрлыкент ауылдық округінде 2 ауылға,
Көкбастау ауылдық округінде 4 ауылға,
Мыңбұлақ ауылдық округінде 2 ауылға,
Ақсай ауылдық округінде 2 ауылға,
Б. Момышұлы ауылына яғни барлығы 20 елді мекендегі 7 931 абонентке электр жарығы берілді.
Жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Жуалы ауданы
Comments (0)
Add Comment